
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Ветеринария қызметкерлері күніне орай сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі ветеринария саласы мамандарының ауданның эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы еңбегіне жоғары баға беріп, оларға зор денсаулық, отбастарына амандық және қызметтеріне табыс тіледі.
Шара барысында бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің және облыстық ветеринария басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік қабылдау жылы лебіздер мен ізгі тілектерге ұласып, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.