Осы жарыста Қаратөбе ауданының намысын қорғаған саралжындық «AQBAQAI ARLANDARY» командасының шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарыс қорытындысында 25 келі салмақ дәрежесінде І орынды Айару Аманбай, 46 келі салмақта І орынды Ернұр Еленбай, +46 келі салмақта І орынды Мереке Нәсіпқали иемденіп, жарыс жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, 30 келі салмақ дәрежесінде Еңлік Сабырғали жүлделі ІІ орыннан көрінсе, 32 ккелі салмақта Ахмад Қуаныш ІІІ орынға тұрақтады.
– Осы турнирге қатысуымызға қолдау көрсеткен ауылымыздың кәсіпкер азаматы Әмірғазиев Көппай ағамызға және барша шәкірттерімнің ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін. Жас спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғаса берсін. Жеңісті күндеріміз көп болсын!- дейді Жас спортшылардың жаттықтырушысы Ертілеу Ерғожин.