Қаратөбе ауданының жеті елді мекені ұялы байланысқа қосылмақ

Қаратөбе ауданының жеті елді мекені ұялы байланысқа қосылмақ
Қазіргі таңда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және байланыс операторларымен тұрғын саны 250 адамнан көп ауылдық елді мекендерді мобильді кең жолақты интернет қолжетімділікпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Осыған орай жыл аяғына дейін Қаратөбе ауданының 7 елді мекеніне «Kcell» ұялы байланыс операторының қызметі қосылмақ.
Аталған жоба бойынша ұялы операторлар 3G стандарттағы мобильді интернетпен облысымыздың 70 ауылдық елді мекенін қамтамасыз ету жоспарланған. Ал ауданымыз бойынша бұрын ұялы байланысы болмаған 7 ауылдық елді мекенге қосылмақ. Атап айтсақ, Ханкөл, Соналы, Үшағаш, Үшана, Төлен, Қоржын және Ақтайсай ауылдарының тұрғындары ұялы байланыс қызығын көрмек. Бүгінгі таңда аталған округтерде жұмыстар жүруде. (Суретте Қаракөл ауылдық округі)
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша аталған елді мекендерді жыл аяғына дейін ұялы байланыспен қамту жоспарланып отыр.