5-6 мамырда Астана қаласында өткен 2012-2013 жылғы және 2014-2015 жылғы кіші жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өткен болатын.
Аталған турнирге БҚО құрамасының сапында барған «Ақбақай арландары» клубының мүшесі Мереке Нәсіпқали 55 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды.
– Осы жарысқа баруына қолдау көрсеткен барша достарыма, шәкірттерімнің ата-аналарына және «BATYR» дзюдо клубының бапкері Айдос Еламан ағайына үлкен алғысымды білдіремін.
Осындай сенім мен қолдаудың арқасында шәкірттеріміз биік белестерді бағындырып келеді, - дейді Мерекенің бапкері Ертілеу Ерғожин.