Егіндікөл ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шараға запастағы генерал-майор, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы» Руслан Тынбаев арнайы қатысты.

Егіндікөл ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шараға запастағы генерал-майор, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы» Руслан Тынбаев арнайы қатысты.

Егіндікөл ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шараға запастағы генерал-майор, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы» Руслан Тынбаев арнайы қатысты.
Алдымен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» атты еске алу рәсімі өтті. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіп, олардың жанқиярлық ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ұлы Отан соғысы құрбандарына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевпен запастағы генерал-майор Руслан Тынбаев және ауыл тұрғындары гүл шоқтарын қойды.
Одан соң шара салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев тұрғындарды қос мерекемен құттықтады.
— Баршаңызды айбыны асқақ, тағылымы терең, рухы биік айтулы мереке – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерді еске аламыз.
Қазіргі таңда өкінішке орай, Ұлы Отан соғысының көзі тірі куәгер ардагерлеріміз ортамызда болмағанымен, ерен еңбектің үлгісі болған 17 тыл ардагеріміз, ауған, тәжік ардагерлеріміз, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатынасқан жерлестеріміз ортамызда бар.
Осы мерейлі мерекеде батырлық пен еңбекқорлықты ту еткен ардагерлерімізге шынайы алғысымды білдіремін.
Осы айтулы мереке қарсаңында қуанышты хабарды алып жатырмыз, жерлесіміз Ақтай сай ауылында дүниеге келген Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Кенжебай Мәденов атамыз Берлин қаласының ратушасына алғаш ту тіккен батырлардың бірі. Баршаңызға бейбіт тіршілік, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін! – деді аудан әкімі.
Тағылымды шарада Қаратөбе ауданынан шыққан тұңғыш генерал-майор, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы» Руслан Тынбаев сөз алып, жиналған қауымды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Ол өз құттықтауында Отан қорғау – әр азамат үшін үлкен абырой әрі жауапты міндет екенін атап өтті. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлердің еңбегіне ерекше тоқталып, олардың ерлігі мен табандылығы бейбіт өмірдің берік кепілі екенін жеткізді.
Руслан Ислямұлы генерал-майор шеніндегі ҚР Қарулы күштері комитетінің жоғары командирі. 1951 жылдың 7 маусымында Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында туған. 1967 жылы Егіндікөл орта мектебін, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының инженер-механизациялау мамандығын бітірген. Тағдыр ағымы ауыл шаруашылық техникумына оқытушылыққа бағыттады.
1974 жылы кеңес Одағының мемлекет қауіпсіздігі комитетіне жедел қызметке шақырылды. 1974–1980 жылдары Алматы қаласында әскери қызметін атқарған. 1980–1990 жылдары Қостанай облысы қауіпсіздік комитетінде, 1990–1992 жылдары Павлодар облыстық қауіпсіздік комитетінде, 1992–1995 жылдары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қауіпсіздік басқармасында бөлім бастығы, ҚР Парламентінің жанындағы қызметтерде басшылық қызметтер атқарды.
1995–1998 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің басшысы қызметін атқарған. 1998 жылдан бері Тәжік Республикасындағы елшілік қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасының «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жасады. 2012 жылы Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
Шара барысында аудан әкімі келген жерлесіміз, запастағы генерал-майор Руслан Тынбаевқа ерекше құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, “Өтебаш” шаруа қожалығы атынан ат мінгізді.
Шара Егіндікөл ауылдық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Концерт барысында жергілікті әншілер патриоттық және халық әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.