"Nur Otan» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясы өтті.

"Nur Otan» партиясының  Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясы өтті.
10  қараша күні "Nur Otan» партиясының Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясы өтті.
Конференцияға партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев, партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, сонымен қатар партия ұйымына ұсынылған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларын бекіту, пікірсайыс қортындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, ауданық партиялық тізімді бекіту, облыстық конференцияға қатысушы делегаттар тізімін бекіту, аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасарларын сайлау бағыттары қарастырылды.
Конференцияның сайлауалды бағдарламасымен жалпы бағыттырымен таныстыру үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе облыстық партиялық тізімге үміткер кандидаттар арасында пікірсайыс оздырылды. Пікірсайыстан кейін конференция делегаттары үміткерлерге праймериз жүйесі арқылы дауыстарын беріп, нәтижесінде жоғарғы дауысқа ие болған Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысуша ретінде ұсынылды.
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аудандық партиялық тізім бекітілді. Олардың 31,8 % әйелдер, 31,8% жастар, 30% аудан әкімінің квотасын құрайды.
Сонымен қатар облыстық конференцияға қатысушы делегаттар сайланды.