
Қаратөбе ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық-экологиялық айлыққа орай сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жас ұрпаққа үлгі көрсету, туған жерге деген құрметті арттыру мақсатында оздырылды
Сенбілікке мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді жастар жұмыла атсалысты. Жалпы саны 180 адам қатысып, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында ауыл маңы, екі елді мекеннің тұрмыстық қатты қалдықтар төгілетін орындарының айналасы ретке келтірілді.
Сенбілікке 3 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 35 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.