
Шегірткеге қарсы күрес
Қаратөбе ауданы аумағында 2026 жылы аса қауіпті зиянды ағзалар – үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін жұмыстардың жоспарын нақтылау туралы штаб отырсы өтті.
Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Мұқтар Мерекеұлы күн тәртібіне екі мәселе қойды.
Жиында Сырым аудандық аумақтық инспекция басшысы Азамат Инсапұлы күн тәртібіндегі Қаратөбе ауданы бойынша шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша іс-шараларды ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің 2024 жылға жоспарланған жұмыс жоспары және италиялық прус шегірткесіне қарсы мониторингтік жұмыс барысы туралы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің Қаратөбе аудандық филиалының маманы Ескендір Шынғалиев баяндады.
Жиын соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұқтар Шайжанов:
– Ағымдағы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қаратөбе аудандық филиалының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының жоспарлы көлемі 34,1 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі күні өткізгелі отырған Штаб отырысының мақсаты Қаратөбе ауданы аумағында ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар туралы тақырыбында ұйымдастырып, аумағымыздағы аса қауіпті зиянды шегірткелерге қарсы жұмыстарды уақытылы және сапалы жүргізу болып табылады. Сондықтан күн тәртібіндегі талқыланған мәселелердің маңыздылығы зор. Қабылданған шаралардың орындалуын бәріміз бір кісідей жұмылып, орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет, - деп жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.