
«Q-BILIM Серіктестік желісі» жобасы аясында тәжірибе алмасты
4 наурыз күні «Q-BILIM Серіктестік желісі» жобасы аясында Бөрлі ауданы «Мектептен тыс жұмысының орталығы» мамандары Қаратөбе балалар шығармашылық үйіне келіп тәжірибе алмасты. «UNITY X – Бірлік пен жаңашылдықтың символы» тақытыбында өткен семинар-практикумда өзара шығармашылық байланыс орнатты.
Алдымен Бөрлі ауданынан келген қосымша білім беру педагогтерімен «Ынтымақ пен сенім алаңы» тақытыбында Балалар шығармашылық үйінің әдіскері Әзілхан Бекбергенұлы тренинг өткізді.
Іс-шара барысында Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің қосымша білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, мектеп музейі және эстетикалық пәндер жөніндегі әдіскері Салтанат Орынбаева «Q-BILIM Серіктестік желісі» жобасы аясында Бөрлі ауданынан келген педагогтарға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Тәжірибе алмасу бағытындағы шарада сөз сөйлеген ҚБШҮ директорының орынбасары Гүл Боранбаева аудандық балалар шығармашылық үйінің жұмысымен, үйірмелердің жұмыс бағытымен таныстырып өтті.
Тәжірибе алмасу семинарының екінші бөлімінде Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс жұмысының орталығының» қосымша білім беру педагогтары «Сызық бойымен қозғалысты бағдарламалау», «Органзадан сымға жасалған көбелек», «Картон қағаздан авто көлік жасау», «Қиялдағы көбелек. Түстер арқылы көңіл-күйді жеткізу», «Эмоциялық жаңару арқылы көңіл-күйді сергіту: қазақша квиз» тақытыптарында ашық сабақтар өткізді.
Шара қорытындысында дөңгелек үстелде бас қосқан Қаратөбе және Бөрлі ауданының қосымша білім беру педагогтары өзара тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.