
Зейнет жасымен құттықтады
10 ақпанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Шайжанов Қаратөбе ауданы ТЖБ №18 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау старшинасы Болатбек Жәнібековты зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Мерекеұлы азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған Болатбек Еркінбекұлын зейнет жасымен құттықтап, мерейлі жас иесіне құттықтау хат табыстады.
Аталмыш кездесуде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэлс Искаков, аудандағы №18 өрт сөндіру бекетінің бастығы Алтынбек Алмас және бірқатар әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, Болатбек Еркінбекұлын зейнет жасымен құттықтады.
Өз кезегінде сөз алған Болатбек Жәнібеков аудан әкімінің орынбасары мен әріптестерінің зор құрметіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Азаматтық қоғау старшинасы Болатбек Жәнібеков азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдың қараша айынан бастап қызмет етті. Қызмет өткерген мерзімде іскерлік қасиеттері жоғары дамыған сауатты да, тәжірибелі маман ретінде көрсетті.