Қаратөбеде «ТАNDAU» цехы ашылды

Қаратөбеде «ТАNDAU» цехы ашылды

Қаратөбеде «ТАNDAU» цехы ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алып, кәсіпкерлікті қолға алған Жәнібековтер отбасының жартылай фабрикат өнімдерін дайындайтын «ТАNDAU» цехы ашылды.

«ТАNDAU» цехының ашылу салтанатында алғаш сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев отбасылық кәсіпті қолға алған Жәнібековтер отбасын аталмыш цехтың ашылуымен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар цехтың ашылуында әулеттің үлкені, еңбек ардагері Еркінбек Жәнібеков сөз алып, іс-шараға жиналған барша қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

Цехтың лента қию рәсімін аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен ардагер Еркінбек Ғаббасұлы жүргізді.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен салтанатты іс-шараға қатысушылар цех ішіндегі өнімдер дайындауға арналған арнайы құрылғылармен танысты.

«ТАNDAU» цехында дайындалатын өнімдердің бағасы: 1келі манта – 3600 теңге, тұшпараның 1 келісі – 1800 теңге, ұйғыр самсасының 10 данасы 2500 теңге, Самса қамырының 1 келісі 2500 теңге, манта қамырының 40 данасы – 1250 теңге. Сиыр етінен дайындалған фарштың 1 келісі - 4200 теңге, оның жарты келісі 2100 теңге.

Цехта жаңадан екі жұмыс орны ашылған.