Желтоқсан айының 25-і күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХV сессиясы өтті.
Кезекті сессияның күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет» және Қаратөбе ауданының «2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов хабарлама жасады.
Сессия барысында: Округте атқарылған жұмыстар туралы Жусандой ауылдық округінің әкімі Бекболат Бақытжановтың, Қаратөбе аудандық мәслихатының «2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен мәслихат аппаратының шығыстарын бекіту туралы» және «Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Берікқали Мусаның, 2026-2028 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының Қаратөбе, Сулыкөл, Аққозы, Саралжын, Егіндікөл, Қоскөл, Қаракөл, Жусандой ауылдық округтерінің бюджеттері туралы ауылдық округтер әкімдерінің хабарламалары тыңдалды.
Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы жыл ішінде біраз жұмыстың тындырылғандығына ризашылығын білдіріп, аудандық мәслихат депутаттарының аудан халқымен бірлесе атқарған жұмыстарына алғысын жеткізді.
Аудан басшысы ауданымыздың облыс бойынша инвестиция тартудан кенже қалып келе жатырғанына тоқталып, алдағы жылдан бастап әкімдердің жұмысы инвестиция тартуға байланысты бағаланатынын айтты.