Төтенше жағдайлар комиссиясы

Төтенше жағдайлар комиссиясы

Төтенше жағдайлар комиссиясы

26 қарашада аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аталмыш комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәрбінде екі өзекті мәселе талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Аудандағы құлақтандыру жүйесінің жәй-күйі туралы» Қаратөбе ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Алтынбек Алмас баяндама жасады.

– Халықты төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың бірі оны табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қатері туралы уақтылы хабардар ету және құлақтандыру болып табылады. Аудан аумағында 4 дабыл (сирена) Қароатөбе, Шөптікөл, Қоскөл, Сулыкөл ауылдарында орнатылған.

Қосымша ағымдағы жылы Қаратөбе аудан орталығындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдени демалыс орталығы ғимаратына және Қоржын, Үшағаш ауылдарының мектептеріне БАО-600 дабылы орнатылды. БАО-600 дабылының ерекшелігі аймақтық нысанға негізделген және біріктірілген аппаттық ескерту жүйелері сияқты барлық деңгейлердегі ескерту жүйелерінің бөлігі ретінде төтенше жағдайлар үшін сирена және дауыстық ескертулерді қамтамасыз етуге арналған соңғы құрылғылар, - деді өз баяндамасында Алтынбек Қанатұлы.

Отырыстағы екінші мәселе «Комиссияның 2025 жылғы жұмысының қорытындысы және комиссияның 2026 жылғы арналған жұмыс жоспарын бекіту» туралы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Нұржан Сахипов баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы тиісті бөлім басшылары мен мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.