
Әскери-патриоттық жарыс оздырылды
Кеңес Одағының батыры, ҚР Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Батыр Бауыржан – қазақ рухының тірегі» атты аудандық дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында аудандық әскери-патриоттық, спорттық жарыс өтті.
«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыста дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Президенттік көпсайыс» жарысында бақ сынады. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері «Пневматикалық винтовкадан ату, АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинау» сайысынан сынға түсті.
Әскери-патриоттық шарада сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мәулен Салахаден, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, ардагер ұстаздар Серік Бралиев пен Бейбіт Сағынғалиевтер құттықтау сөз сөйлеп, жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу турасында ойларымен бөлісіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері «Пневматикалық винтовкадан ату, АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинау» сайысында 20-39 жас аралығында І орынды Дастан Нығыметов (Шөтпікөл мектебі), ІІ орынды Жұмабек Бақсыбаев (Ханкөл мектебі), ІІІ орынды Айдос Үмбетов (Қоскөл мектебі) иемденді. Аталған сайыс бойынша 40-60 жас аралығында І орынды Мержан Биялиев (Мұхит мектебі), ІІ орынды Сүйіндік Нұғыманов (Қаракөл мектебі), ІІІ орынды Еркебұлан Габдуллин (Жусандыой мектебі) иеленді.
Спорттық сайыста дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен «Президенттік көпсайыс» жарысында 29-39 жас аралығы бойынша І орынды Ернар Есенжанов (Мұхит мектебі), ІІ орынды Жасұлан Батырбаев (Мектеп-гимназия), ІІІ орынды Дамир Әсетов (Мектеп-гимназия) иеленді. «Президенттік көпсайыс» бойынша 40-49 жас аралығында І орынды Асхат Кенжин (Б.Аманшин мектебі), ІІ орынды Бақыт Зейнуллин (Ханкөл мектебі), ІІІ орынды Жанболат Түгелтаев (Қоскөл мектебі) иемденді. Сонымен қатар «Президенттік көпсайыс» бойынша 50-63 жас аралығында І орынды Азамат Жұматов (жусандыой мектебі), ІІ орынды Ақан Төлеуов (Мектеп-гимназия), ІІІ орынды Айбат Омаров (Мұхит мектебі) иеленді.