Оркестрді жеңісімен құттықтады

Оркестрді жеңісімен құттықтады

Оркестрді жеңісімен құттықтады

Орал қаласында Облыстық Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ғасырлар үн» атты халықтық және жаңадан құрылған оркестрлердің облыстық байқауы өткен болатын.

Аталмыш облыстық халықтық ұлт-аспаптар оркестрлері байқауында Қаратөбе аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрі І орынды иемденді.

25 қарашада аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің ұжымымен арнайы кездесу өткізіп, өнер ұжымының жеткен жетістігін жоғары бағалап құттықтады.

Кездесу барысында оркестрдің аудан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, түрлі облыстық деңгейдегі байқаулардағы жеңістері мен белсенді шығармашылық жұмыстарын атап өтті.

Аудан әкімі өнер ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ұлттық өнерді дәріптеу жолында табыс тілеп, бірқатар қызметкерлерге арнайы куәліктерін табыстады.

Мәдени шарада оркестр дирижері Аягүл Бисенғалиева аудан әкімінің алғыс хатымен, оркестрдің көркемдік жетекшісі Гүлайым Қайырғалиева аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Шара жылы жүздесу, пікір алмасу және алдағы жоспарларды талқылаумен жалғасты.