Кітапхана – білім мен ғылым ордасы.

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы.

 "Мұхит жастары" ЖҚБ —гі 15 қазан кітапханашылар күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау

Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы!!!

Сіздерді 15 қазан - Қазақстан кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықмаймын! Кітапхана өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын, терең білім қорымен сусындатып, ізденгендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ақпараттық мәдени орда. Кітапханашы мен білім қоры мол кітапхана, ақпарат іздеген оқырманға сұранысына байланысты қызмет көрсетеді. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Кітапханада жүрегің қалаған асыл сөзді, рухани азықты іздеген кітабыңнан аласың.

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы демекші осы ордадағы кітапханшылардың орны ерекше. Асыл маман иелері кітапханашыларды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін!