Мониторинг жұмыстары

Мониторинг жұмыстары

Қаратөбе ауданы бойынша меншік нысанына қарамастан санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ мүшелері ағымдағы жылдың 13 қазан күні Сулыкөл ауылдық округі, Қалдығайты ауылы, Үшағаш, Үшана ауылдары бойынша нысандарға монитроинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында 4 азық - түлік дүкені тексерілді. Қалдығайты ауылындағы "Алтынай", "Мөлдір" азық - түлік дүкендерінде сатушылармен санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы анықталды. Тиісті акт толтырылып фото - бейне жазбалар түсірілді.