
Өнегелі отбасыларға - құрмет
Қараша айының 18-і күні аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің конференция залында «Мерейлі отбасы - 2025» байқауының аудандық, облыстық кезеңдеріне қатысушы отбасылармен кездесу оздырылды.
Іс-шараға аталмыш байқаудың аудандық кезеңіне қатысқан қаратөбелік Сайновтар, ханкөлдік Семғалиевтер, аққозылық Құрманғалиевтер отбасылары қатысты.
Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин алғысөзімен ашып, байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі екінші орынға ие болған аққозылық Құрмағалиевтер отбасын қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, байқаудың қоғам өміріндегі маңызы мен отбасы құндылығына кеңінен тоқталып өтті.
Әуелі әр отбасы мүшелері таныстырылып, отбасылардың байқаудан алған әсерлері тыңдалды.
Іс-шара барысында отбасындағы үйлесімдік, бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы әңгіме өрбіді.
Өнегелі отбасыларының балалары түрлі әндер орындап, тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шарада Облыстық байқауда ІІ орынды иеленген Құрманғалиевтер отбасының Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында оқитын Қарақат есімді қызы болашақта адамдардың денсаулығын сақтауға атсалысу үшін дәрігер болатындығын айтты.
Отбасындағы ата-ана мен балаларға сауалдар қойылды. Қойылған сауалдарға отбасылар тарапынан қайтарылған ұтымды жауаптарға қарағанда отбасылардың әрқайсысының жан-жақты өнерлі, өнегелі отбасылар екендігі байқалды.
Айтулы кездесу - отбасындағы үйлесім, бала тәрбиесі және бірлік пен тәртіптің маңыздылығын делдеді.
Кездесуді қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы байқауға қатысқан отбасыларға дипломдар және сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар Нұртас Сафуллин аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға ат салысып, отбасы құндылықтарын насихаттауға өзіндік үлес қосып жүрген Марина Карлқызын алғысхатпен марапаттады.
– Марина Карлқызының белсенді қызметінің арқасында екі жылдан бері «Мерейлі отбасы» - байқауына қатысқан қаратөбелік отбасылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленіп келеді» - деді Нұртас Набиоллаұлы.