Колледж Президенті сайланды

Колледж Президенті сайланды

Колледж Президенті сайланды

Колледж Президентін сайлау – студенттік өзін-өзі басқарудың жарқын үлгісі. 17 қараша күні Қаратөбе колледжінде студенттер арасында колледж Президентінің сайлауы өтті.

Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету, көшбасшылық, жауапкершілік және демократиялық құндылықтарды қалыптастыру және колледжде ашықтық пен әділдік қағидаларын нығайту бағытында ұйымдастырылған сайлау жоғары деңгейде өтті.

Колледж Президенті сайлауының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаратөбе колледжінің директоры Бауыржан Қалиев:

– Бүгін біздің колледждің қоғамдық өміріндегі маңызды әрі мәнді күндердің бірі. Біз жастардың бастамашылдығын, көшбасшылық қабілетін, жауапкершілігін паш ететін колледж Президентін сайлау рәсіміне жиналып отырмыз. Бұл – тек сайлау ғана емес, бұл – біздің оқу орнымыздағы демократиялық мәдениетті нығайтудың, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың айқын көрінісі, - деді.

Студенттер сайлауының ашық әрі әділ өтуіне тілектестігін жеткізген Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Есенжол Ғабдыраш студенттер арасында демократиялық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға жоғары баға берді.

Демократиялық үрдістерге негізделген бұл маңызды шарада үш үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, колледж өмірін жақсартуға бағытталған тың идеяларымен бөлісті. Әр үміткердің ойы мен ұстанымы студенттерді бейжай қалдырмай, сайлауға ерекше серпін берді.

Сайлау нәтижесі бойынша көпшілік дауысты «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері» тобының ІІ курс студенті Армат Рсаев жинап, 74 дауыспен колледж Президенті атанды.

Бұл — студенттердің сенімі мен қолдауының жарқын көрінісі. Арматқа жүктелген жауапкершілік – колледж студенттерінің көшбасшысы ретінде жаңа бастамаларды жүзеге асыру.