«102» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ: ҮНСІЗ ҚАЛМА — ХАБАРЛА!

«102» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ: ҮНСІЗ ҚАЛМА — ХАБАРЛА!

Қандай да бір арыз-шағымдарыңыз болса, заңға қайшы әрекеттердің куәсі болсаңыз, полиция қызметкерлерімен жедел байланысу мүмкіндігі бар 1️⃣0️⃣2️⃣ мобильді қосымшасының тәулік бойы азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс жасап тұрғандығын естеріңізге саламыз.

🕹️"102" - омниканальды байланыс қосымшасы. Бұл қосымша полицияға кез келген ыңғайлы форматта хабарласуға мүмкіндік береді: фото және видео материалдар, аудио және бейне қоңыраулар, мәтіндік хабарламалар. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары құқық бұзушылық немесе қылмыс орын алған мекенжайды бірден анықтай алады.

📲 “102” мобильді қосымшасын «Play Market», «App Store» қосымшалары арқылы жүктей аласыз немесе суретте көрсетілген QR бойынша өтіңіз.