Новое назначение

Новое назначение

Жаңа тағайындау

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиевтің төрағалығымен жиын өтті.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов Қаратөбе ауданының спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағындағы «Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне жаңадан тағайындалған Екпін Батырханұлы Тналиевті активке таныстырды.

Тналиев Екпін Батырханұлы 1980 жылы 7 қаңтарда Егіндікөл ауылында дүниеге келді.

1997 жылы Егіндікөл жалпы орта мектебін аяқтап, 2000-2003 жылдар аралығында Орал педогогикалық колледжінің «Дене шынықтыру» пәні мұғалімі мамандағын алып, 2004-2006 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетін «дене шынықтыру» пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын мамандығы бойынша 2004-2005 жылдары Орал қаласындағы №27 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастап, 2005-2010 жылдары Егіндікөл жалпы орта мектебінің мұғалімі, 2010-2022 жылдары Қаратөбе білім беру бөлімінде әдіскер, «Қаратөбе» спорт клубының директоры қызметтерін атқарды. 2022 жылы Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беруші педогог қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі лауазымында болды.

Отбасылы. 1 қыз, 1 ұлы бар.

Жиын барысында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы директор қызметіне болған Дулат Қоламановқа алғысын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жиыннан соң Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, спорт нысандарының қазіргі жағдайын, жаттығу залдарының жабдықталуын және спортшыларға жасалып отырған мүмкіндіктерді бағамдады.

Сондай-ақ басқарма басшысы Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып, ұжыммен кездесті. Кездесу кезінде жаттықтырушылар мен спорт саласының мамандарымен пікір алмасып, спорттық білім беру сапасын арттыру, бұқаралық спортты дамыту және жасөспірім спортшыларды қолдау мәселелері талқыланды.

Бақдәулет Сәбитов аудан спортының дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, алдағы уақытта қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.