Есімін мәңгілік ел есінде!

Есімін мәңгілік ел есінде!

Үстіміздегі жылдың 10 қазан күні Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Ұлағатты ұстаз, Қаратөбе ауданы бойынша тұңғыш КСРО оқу ісінің үздігі Тұрсынғали Ғатауоллаұлы Қатауовтың есімін мәңгілік ел есінде қалдыру мақсатында өзі бір кездері басшылық еткен Қоскөл орта мектебінде естелік тақта орнатылды. Салтанатты шараға Тұрсынғали ағамыздың шәкірттері, әріптестері зейнеткер ұстаздар Құсайын Жүсіпқалиұлы, Қажығали Мұқанов және аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Ғарапшаұлының естелік тақтаны салтанатты түрде ашуымен басталды. Осыдан кейін кейіпкеріміздің әріптесі, ардагер ұстаз Аман Жүсіпқалиев сөз алып, ұлағатты ұстаздың өмір жолымен жиналғандарды таныстырып өтті.

Осы шараға қатысушы қонақтар мен ардагер ұстамыздың ұрпақтары ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтап, естелік тақтаны ашуға қолдау көрсеткені үшін аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Орынбасарұлына және ұстаз есімін ұлықтап, ұстазға көрсеткен құрметтері үшін Қаратөбеліктерге алғысын білдірді.