Колледжде Жолдауды талқылау жиыны өтті

Колледжде Жолдауды талқылау жиыны өтті

Колледжде Жолдауды талқылау жиыны өтті

Қыркүйек айының 18-і күні Қаратөбе колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»– атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Ұжым қызметкерлері жиында Жолдаудың негізгі бағыттары: Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын кеңінен енгізу, цифрландыруды жеделдету, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, логистика салаларындағы өнімділікті арттыру, мемлекеттік басқару тиімділігін өсіру, экономиканы жаңғырту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, адам капиталын дамыту, білім беру жүйесінде технологияларды пайдалану, жаңа мамандар дайындау, қоғамдық және әлеуметтік салалар, әлеуметтік қорғау, сапалы қызметтер, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды сақтау, қауіпсіздік саласындағы жаңа қатерлерге қарсы тұру сынды негізгі бағыттарына тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

Жолдауды ұжымдық талқылау жиынының алғашқы сөз кезегін алған колледж директоры Бауыржан Қалиев, ел Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы алға қойылған мәселердің маңыздылығына тоқталып өтті.

Жолдау туралы өз пікірін білдірген колледж мұғалімі Абзал Елбаев Жолдаудың негізгі үшінші бағыты туралы айтып, өз ойын жеткізсе, Жолдаудың бесінші бөлімі бағыты бойынша колледждің әлеуметтік педагогы Мариям Дошимова, алтыншы бөлімі бағыты бойынша колледж мұғалімі Гүлсезім Сүлейменова, жетінші бағытына байланысты колледж әдіскері Білжан Жамбылқызы өз пікірлерін ортаға салды.

Жиында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин:

– Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауы – жаңа дәуірге бейімделу жолын көрсететін стратегиялық құжат.

Президент Қазақстанды жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар арқылы дамытуды басты мақсат етіп қойды. Ендігі міндет — Жолдауда айтылған тапсырмаларды бірлесе іске асыру, әр салада нақты нәтижеге қол жеткізу, - деді Нұртас Набиоллаұлы.