Аудан орталығында футбол алаңы ашылды

Аудан орталығында футбол алаңы ашылды

Аудан орталығында футбол алаңы ашылды

Бүгін Қаратөбе ауылында футбол алаңы ашылды. Жаңадан салынған футбол алаңының салтанатты ашылуына аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы футбол алаңының ашылу салтанатынатымен құттықтады.

– Баршаңызды аудан орталығында пайдалануға берілгелі тұрған жаңа футбол алаңының ашылуымен құттықтаймын!

Бұл – жастарымыздың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған үлкен қадам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек» деді.

Осы нысанды салу жөнінде аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде көше тұрғындарының тарапынан бірнеше рет мәселе көтерілген болатын. Сол ұсынысты ескеріп біз жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып, бүгін міне осындай әсем спорт алаңын пайдалануға бергелі тұрмыз.

Бұл алаң – жастардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен тұрақты айналысуына үлкен мүмкіндік береді, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Мердігер, «Дамир» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Азамат Нығыметов: «Ауыл жастары мен балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалынуда. Футбол алаңы құрылысының сапалы салынуына көп көңіл бөлдік. Тамыз айында басталған құрылыс нысанын бүгін пайдалануға беріп, ауыл тұрғындарының қуанышына куә болып отырмыз Алаң құрылысына жергілікті жерден 6 адамды жұмысқа тарттық. Ауылымыздың гүлденіп, көркеюіне тілектеспіз,»- дейді.

Футбол алаңының ашылу салтанатында лента қию рәсімін аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев пен ауыл тұрғыны Нұрлан Оразов жүргізді.

Алаңның ашылу салтанаты аяқталысымен аудан орталығындағы мекемелер командалары арасында шағын футболдан ауыл біріншілігі оздырылды.