Нағыз жақсылық үлгісі ел басына күн туған кезде жасалады десек, қателеспейміз. Қаратөбенің мақтанышы, жасы кіші болса да жүрегі үлкен Айзат Айдосұлы оқырмандарымен бірігіп, Инстаграм парақшасында індет дендеген шақта көмек көрсетуге қаражат жинаған еді. Жиналған ақшаға жақында жаңа баспаналы болған Үшағаш ауылының тұрғынына екі кілем алып берсе, қалғанына Мұхит жалпы орта білім беретін мектебі мен Шөптікөл мектеп-балабақшасының аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына «Алтел» компаниясының 15 дана 4G интернетік роутерін сыйлады.
Жалғызбасты ана да, интернет қиындық тудырып, сабақ оқи алмай жүрген балалар да, олардың ата-аналары да Айзатқа дән риза. Өнерімен ғана емес, ізгі ісімен де үлгі болған Айзаттың ісі көпке үлгі.