Қаратөбеде Конституция күні аталып өтті

Қаратөбеде Конституция күні аталып өтті

Қаратөбеде Конституция күні аталып өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатты шара оздырылды.

Салтанатты жиналыста сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары М.Мерекеұлы елдің басты құжаты Ата Заңымыздың тарихына, оның маңызына, ерекшелігі мен өміршеңдігіне тоқталып, Конституция аясында елде атқарылған іргелі жұмыстар туралы айтты.

– Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Конституция – еліміздің егемендігі мен тұтастығы, азаматтарымыздың құқықтықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Ол тәуелсіз еліміздің дамуына, тұрақтылығына және өркендеуіне берік негіз қалаған тарихи құндылық.

Біз Ата Заң аясында әділетті қоғам құрып, елдігімізді нығайтып келеміз. Конституция мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының берік негізі, халқымыздың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысы. Конституция – баршамыздың ортақ мүддемізді тоғыстыратын басты құндылығымыз. Сондықтанда оны құрметтеу және заңға бағыну баршамыздың міндетіміз. Заң үстемідігі салтанат құрған елде әділет орнап, әділ қоғам қалыптасады.

Осы мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен береке, денсаулық пен амандық тілеймін. Егемен еліміздің еңсесі биік болып, бірлігіміз нығая берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын, - деді мерекелік құттықтауында.

Шарада Қаратөбе аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдос Орынбайұлы, Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің участкілік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Елжас Оразов, Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің,Әкімшілік полиция инспекторы полиция лейтенанты Нұржан Нұрбекұлы, Ғ. Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының кіші қызметкері Бейімбет Шанимов, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаратөбе аудандық бөлімі Қаратөбе аудандық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Райса Бердіғалиева, Қаратөбе аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша жетекшісі маманы Асылай Қайырбекқызы аудан әкімінің алғысына бөленді.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағының» төсбелгісімен Қаратөбе аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша бас маманы Алтынай Талпашқызы марапатталады.

Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының «Ата заң алтын тұғырым» атты концерттік бағдарламасына ұласты. Күй төгіліп, жыр төгілген кеш жұртшылықтың көңілінен шықты.