Байқаулар жеңімпаздары марапатталды

Байқаулар жеңімпаздары марапатталды

Байқаулар жеңімпаздары марапатталды

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің конференция залында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы жуырда Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Абайдың асыл мұрасы – халықтың рухани азығы» атты облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленген аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жас маманы Ақбота Ерланқызы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен «Абай әлемі» республикалық байқауында дарындылығы мен біліктілігін танытып, Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен және бір жүз елу мың теңгенің сертификатын иеленген жас маман Жібек Мұрадымқызына алғыс хаттарын табыстап, мазмұны терең екі кітапты сыйға тартты.

Кездесу барысында Мәулен Аманшаұлы жас кітапханашы-лардың ізденіспен жүргізіп келе жатырған жігерлі жұмыстарын мақтан етіп, алдағы қызметтеріне толағай табыстар тіледі.