Орталық алаңда 12- тамыз Халықаралық жастар күніне орай концерттік бағдарлама оздырылды

Орталық алаңда 12- тамыз Халықаралық жастар күніне орай концерттік бағдарлама оздырылды

Орталық алаңда 12- тамыз Халықаралық жастар күніне орай концерттік бағдарлама оздырылды.

Айтулы іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, аудан жастарын төл мерекелерімен құттықтады.

– Баршаңызды қоғамның басты күші, еліміздің ертеңі ауданымыздың барша жастарын бүгінгі халықаралық «Жастар» күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Асыл – тастан, ақыл - жастан» - дейді дана бабаларымыз. Кез келген елдің басты капиталы оның халқы, соның ішінде ел жастары болып табылады. Жастар қоғамның жетекші күші еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы ертеңі мен бүгіні осы сіздердей жастарға тікелей байланысты.

Мемлекет саясаты ауданымызда да қолдау тауып, оның ішінде оқу орнын тәмамдаған жас мамандарды бейімдеу үшін жастар тәжірибесінен өткізу, бір жолғы көтерме жәрдемақы, жас мамандарға « Дипломмен ауылға» секілді мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде іске асып келеді.

Ел тағдыры сынға түскен сәтте желтоқсанның ызғарына қарамастан алаңға шығып еркіндіктің ерен рухын паш етіп, азаттықтың шамын жаққан да осы жастар еді.

Сондықтанда ата – баба аманатына адал болып, басты құндылығымыз тәуелсіздігімізді сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз, - деді.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жастар саясатын насихаттап, елдің дамуына сүбелі үлестерін қосып, абыройлы еңбек етіп жүрген біртоп жастар Әділбек Айдынұлы, Ринат Жеңісов, Данагүл Әлібекова, Мирас Мыңжасов, Аймұрат Маженов, Құралай Сұлтаниязқызы, Бекдаулет Ғаббасов, Мейрлан Бижанов, Аяжан Амантаева, Ақан Қуандықов, Досымжан Мәлік, Бұлбұл Рысқалиева, Жасұлан Сенғалиев, Гүлімхан Төлеуғали, Оралбек Қуанышов, Нұрсұлтан Ануарбековке алғыс хат табыстады.

Жастар күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.