Облыс әкімі Н.Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды

Облыс әкімі Н.Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды

Облыс әкімі Н.Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болып, ауданға қарасты Жусандыой ауылдық округін де аудан халқымен кездесу өткізді.

Ауылдық мәдениет үйінде болған кездесуге облыстық басқарма, департамент басшылары, жергілікті атқарушы билік құрылымдарының басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Алқалы жиынды бастап сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Қаратөбе ауданында өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік көрсеткіші турасында баяндап өтті.

– Көктемгі су тасқынына дайындық аудан қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі.

Облыс әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сай Қоржын ауылындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру мақсатында 136,3 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстары толығымен аяқталды.

Аудандық бюджеттен 31,3 млн.теңге қарастырылып Үшағаш, Сулыкөл, Үшана, Қаратөбе, Шалғын ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары толықтай жүргізіліп соның нәтижесінде биылғы су тасқынынан аудан ойдағыдай өтті.

Ауданымызда экономиканың басқа да салаларымен қатар шағын кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 909 (жұмыс жасап тұрғаны - 891) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, онда 1439 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы жалпы құны 353,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 21 адам жұмы«Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 АШӨК, 69 жеке кәсіпкерлік ашылды. 303 бас асыл тұқымды сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малы, 127 бас сүтті бағыттағы МІҚ, 1060 бас асыл тұқымды қой (660 басы етті бағытта,30 басы миренос қойы), 905 бас тауарлы қой малы сатып алынды. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауданға 1 КАМАЗ, 1 погрузщик, 1 газель автокөлігі, 5 трактор және шөп шабу, дайындау агрегаттары сатып алынды. 121 жаңа жұмыс орыны ашылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар 7,9 тонна ірі қара және қой еті, 22,8 тонна сүт және сүт өнімдері, 0,7 тонна жартылай дайын өнімдер (мясные полофаврикаты), 0,6 тонна құс еті, 1200 кв.метр банер-билборд, 175,7 тонна бақша өнімдері өнідірілсе, 200 дана қаз балапаны сатылып, 240 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығару қызметі көрсетіліп, арзандатылған 5320 дана рулон шөбі сатылды.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып келеді. Өзінің халыққа арнаған жолдауында «Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл Үкіметтің алдында тұрған басты міндет» деп нақты тапсырма берген болатын.

Аталған жұмыстар өңірімізде өз жалғасын тауып, бірнеше маңызды жобалар ауданымызда іске асырылуда. Атап айтсам: Төлен, Сәуле, Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақшасымен ауыз сумен жабдықтау магистральдық жүйесін салу жұмысы басталып, қарқынды жүргізілуде. (сәуір 2026 жыл) (Жоба құны – 2,275 млрд. теңге, «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС»)

Алакөл ауылының ауылішілік су құбырының құрылысы басталып, қазіргі таңда толық аяқталды. (Жоба құны – 345 млн теңге, «Қалдығайты» ЖШС)

Бесоба ауылында сумен жабдықтау үшін кешенді Модульді блогы орнатылып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылуда.лпы барлығы 70,2 млн. теңгенің табысы өндірілді, - деді аудан басшысы.

Кездесуде өңір басшысы Н.Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында баяндап, жергілікті халықтың пікіріне құлақ асты.

Жиында аудан халқы ауылдық округтерге қатынайтын жолды асфалттау, Қалдығайты және Жақсыбай өзендеріне көпір салу, Қоржын және Алакөл ауылындағы интернет желісін жөндеу сынды мәселелер көтерді.

Айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдаған облыс басшысы халықты толғандырған сұрақтар назарда болатындығын еске салып, мүмкіншілігіне қарай шешу жолдары қарастырылатындығын атап өтті.

Қаратөбе ауданындағы есептік кездесуден кейін өңір басшысы Н.Төреғалиев пен бірқатар облыстық басқарма басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.