Қаратөбеде «Ақ бидай» спартакиадасы басталды
Бүгін аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты ойындарының аудандық іріктеу кезеңінің ойындары басталды.
Аталмыш спорттық ойындар спартакиадасының ашылу салтанатын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан құттықтау сөзімен ашып, аудан біріншілігіне қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сап түзеген командалар алдында аудандық мәдени-демалыс орталығың әншісі Сақтаған Мемлекет тамаша ән орындап, жарысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Спартакиадаға ауданның Егіндікөл, Жусандыой, Аққозы, Саралжын, Сулыкөл, Ақтай-сай, Қаратөбе ауылдарының командалары қатысты.
Жарыстың ережесімен «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Шоқан Аманжанов танысытырды.
Денешынықтыру – сауықтыру кешені жанындағы футбол алаңында футбол ойыны басталды. Алғаш болып ойынды Аққозы және Сулыкөл ауылдарының командалары бастап, алғашқы есеп санын аққозылықтар ашты.
Бүгін спартакиада бойынша асық ату, тоғызқұмалақ және футбол ойындары өтеді, келесі ойындар шілденің 25-інде жалғасады. - дейді «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Шүрмен.