
Адагерлер жарысы
«Қаратөбе» спорт клубында Астана күні мерекесіне орай зейнет жасындағы ардагерлер арасында аудандық жарыс оздырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан спартакиадаға қатысушы ардагер спортшыларды спорттық шараның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Ардагерлеріміздің жас ұрпаққа тәрбие берудегі қоғамдағы рөлі айырықша . Еңбек пен спортты бірге жанына серік еткен ардагерлеріміз көп. «Спорт- денсаулық кепілі » - демекші салауатты өмір салтын насихаттау ісіне ардагерлеріміз белсене атсалысуда. Ауданымызда ардагерлер арасында түрлі спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп келеді. Аталмыш спартакиадаға өздерінің өнерлерін ортаға салуға келген ардагер спортшыларымызға айтар алғысымыз шексіз. Жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілекшімін, - деді.
Аталмыш спартакиаданың бас төрешісі Ермахан Киікбаев ардагер спортшыларды ойындардың ережелерімен таныстырып өтті.
Жарысқа қатысушылар дойбы, шахмат, үстел теннисі ойындары бойынша өзара жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысында үстел теннисі бойынша жүлделі орындар иегерлері:
Дойбы сайысы бойынша жеңімпаздар:
Шахмат жарысының нәтижесі:
Жарыс жеңімпаздары диплом және медальдармен марапатталды.