Қаратөбе аудан орталығында ауыл тұрғындарына арналған жаңа «Бір жер» асханасы ашылды. Бұл қоғамдық тамақтану орны ауыл халқына қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында іске қосылып отыр.

Қоғамдық тамақтану орны дара кәсіпкер Мейрамбек Базарбайұлының бастамасымен жүзеге асты. Асхана құрылысының жалпы құны 13 миллион теңгені құрады. Қаржының жартысы кәсіпкердің жеке қаражатынан болса, қалған бөлігі «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген.

Асхананың ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұxтар Мерекеұлы сөз сөйлеп, асхананың ашылуымен құттықтады.

– Елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы тек мемлекеттік бағдарламаларға ғана емес, осындай елге жанашыр азаматтардың белсенділігіне де байланысты. Мейрамбек Далабаев туған жерінің көркеюіне нақты үлес қосып отыр. Бұл асхана – ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған үлкен қадам. "Ауыл аманаты" жобасы аясында атқарылған бұл іс мемлекеттік қолдаудың тиімді іске асуының жарқын мысалы. Кәсіпкерге табыс тілеймін. Еңбегі жемісті болсын, – деді Мұxтар Мерекеұлы.

Асхананың лента қию рәсімін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұxтар Мерекеұлы және кәсіпкердің әкесі Базарбай Далабаев бірлесе жүргізді.

«Бір жер» асханасы заман талабына сай жабдықталған. Мұнда санитарлық талаптар толық сақталған, ас мәзірі ұлттық және заманауи тағам түрлерін қамтиды. Асхана іші кең, жарық әрі жайлы. Тамақтану орны екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жергілікті тұрғындар кәсіпкердің бұл қадамын жоғары бағалап, жаңа асхананың ашылуына ризашылықтарын білдірді.