Ел намысын қорғап жүрген команда

Ел намысын қорғап жүрген команда

Ел намысын қорғап жүрген команда

Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданның атынан «Жайдарман» лигасына шығып, аудан намысын қорғап жүрген «Қаратөбе құрамасын» қабылдады.

«Қаратөбе құрамасы» 2021,2022 жылдары облыстық Жайдарман ойындарының 3-орын иегері, 2023 жылы облыстық Жайдарман ойындарыныі финалисті, 2024 жылғы облыстық Жайдарман ойындарының чемпионы, 2025 ж Республикалық Чемпиондар лигасының чемпионы, 2025ж Ақтөбе қаласының Әкім кубогінің жүлдегері.

Кездесу барысында сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев құрама команда мүшелеріне тілегін жеткізіп, ауданның тыныс-тіршілігінен қысқаша мәлімет беріп өтті.

–Сіздер өнер мен тапқырлықты жандарыңызға серік етіп еліміздің әр облысында Қаратөбе ауданының атын асқақтатып жүрсіздер. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Сахнадағы шеберліктеріңіз, ұтқыр ойларыңыз, астарлы әзілдеріңіз халқымыздың мәдениетін көтеріп, әзіл арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерге назар аудартып келесіздер.

2021 жылы құрылған «Қаратөбе құрамасының» бүгінгі күнге дейінгі жетістігі ұжымның бірлескен еңбегінің арқасы деп ойлаймын.

Жастардың шығармашылығы мен тапқырлығы ел ертеңінің жарқын болашағының кепілі.

Сіздердің көңіл тапқыштар клубында көрсетіп жүрген өнерлеріңізге ризамыз. Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық, биік белестер мен шабыт тілеймін.

Алдағы уақытта ауданымыздың атын биікке көтеріп, әзіл әлемінде әрдайым алда жүре беріңіздер,-деді өз сөзінде Қадыржан Орынбасарұлы.

Құрама команда мүшелерін аудандық маслихат төрағасы Н. Меңдешов те құттықтап, жылы лебізін білдірді.

–Біз жастардың мүмкіндіктерін әр қашанда қолдап отыруымыз керек. Сонда осы «Қаратөбе құрамасының» бәсі бәрінен жоғары болады деп ойлаймын. Жігіттерге сәттілік тілейміз. Әр қашан да ақпараттық қолдауға да, басқалай да қолдауға дайынбыз. Ауданымыздың тарихымен тереңірек танысқыларың келсе М.Мералиев атындағы мұражайға, Қ.Хасанов және Алаш тарихи өлкетану мұражайына баруларыңызға болады. Оны айтуымның себебі сіздердің әрбір қойылымдарыңыз Қаратөбемен тығыз байланысты болғаннан кейін осы елдің тарихын тереңірек білулерің қажет. Шығармашылық табыс тілеймін,-деді Нұрлан Құмарұлы.

Жиын соңында аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев «Қаратөбе құрамасы» мүшелеріне «Алғыс хат» пен арнайы сертификат табыс етті.