Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде туған жерге адал қызмет етіп жүрген азамат, қоғам белсендісі, кәсіпкер, меценат, «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, Қаратөбе ауданының "Құрметті азаматы" Ержан Қайыржанұлының 50 жасқа толуына арналған «Талап, еңбек, терең ой» атты кездесу кеші өтті.

Кеш елге еңбегі сіңген, өнегелі өмір жолын қалыптастырған азаматтың адами болмысын, еңбектегі табысы мен қоғамдық қызметтегі белсенділігін жастарға үлгі ету мақсатында оздырылды.

Ержан Қайыржанұлы табысты кәсіпкер ғана емес, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, қайырымдылықты ісімен дәлелдеп жүрген азамат. Оның демеушілігімен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар, аз қамтылған отбасылар мен жастарға көрсеткен қамқорлығы көптің жадында.

Кездесу барысында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, Ержан Қайыржанұлының адал еңбегі мен қоғам алдындағы абыройы туралы жылы лебізін білдірді.

– Ержан Қайыржанұлының атасы Төлеген Иманғазиев орыс – қазақ мұғалімдер мектебін алтынмен тәмамдап, ел аралап ұстаздық еткен. Алаш әскерлерін тәрбилеумен айналысып, «Алаш ордашыл» деген айып арқалап, елі, жері үшін оққа ұшқан ұлт зиялысы. Әкесі Қайыржан ағамыз сол кеңестік өкіметтің көмескі саясатында көміулі қалған мұраларды зерттеген, туған жеріміздің тауы мен тасын кітап бетіне түсірген өлкетанушы ғалым. Сол ата аманатын арқалаған, асылдың сынығы, тектінің тұяғы Ержан Қайыржанұлы.

Елін қорғаған ерді, елі қолдап облыстық мәслихаттың 7 – ші шақырылымындағы депутаты болып сайланды. Халықтың мұң – мұқтажын, елдің шаруасын депутаттық мінберде тұрып тайсалмай айта білді. Дүниеге алданбады, билікке де масаймады.

«Ерім демейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» дейді дана халқымыз. Ел игілігі жолында тер төгіп жүрген ерлерді ұлықтау біздің азаматтық борышымыз. Олардың жасаған ісі мен өнегелі жолын халыққа паш етіп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз еленіп, толағай табысқа кенеліңіз. Сізді азаматтығыңызды, елім –жерім деген адал ниетіңізді, халқыңызға жасаған қамқорлығыңызды әрдайым құрмет тұтамыз. Отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке, жұмысыңызға табыс тілеймін - деп иығына шапан жауып, ат мінгізді.

Кеште меценат, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» Жарқын Серікұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, бауыры Нұржан Хасанов, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов, БҚО музейінің директордың орынбасары Ажар Берікқалиева, құрдасы Ақмарал Гүниязова, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының БҚО филиалының орынбасары Айгүл серікқызы сөз алып, азаматтың елге сіңірген еңбегін ерекше бағалап, ат мінгізіп, иығына шапан шапты.

Кездесу барысында кеш иесі Ержан Қайыржанұлы ауданның кіре берсіндегі аркадан бастап “Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейін салуы, мұғалімдік жолдан кәсіпкерлік жолға ауысуы, айналысып жүрген кәсібі жөнінде өмір жолындағы маңызды белестер, кәсіпкерлік пен қоғамға қызмет ету арасындағы үйлесімділік, және табыстың кілті туралы ой бөлісті.

Кеш барысында әсем әндер шырқалып, Ержан Қайыржанұлының жас кезіндегі фотосуреттер мен бейнежазбалар көрермен назарына ұсынылды.