Аудандық мәслихат залында мал азығын дайындау, ауылшаруашылығы техникаларының байқаудан өтуі және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру туралы штаб отырысы өтті.

Аудандық мәслихат залында мал азығын дайындау, ауылшаруашылығы техникаларының байқаудан өтуі және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру туралы штаб отырысы өтті.

Аудандық мәслихат залында мал азығын дайындау, ауылшаруашылығы техникаларының байқаудан өтуі және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру туралы штаб отырысы өтті.

Отырысқа аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев төрағалық етіп, күн тәртібіне аудан бойынша мал азығын дайындау, ауыл шаруашылығы техникаларын толыққанды байқаудан өткізу, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін қойды.

Күн тәртібінде жылыту маусымына дайындық кең көлемде қаралды. Бұл жөнінде бірқатар сала өкілдері баяндама жасады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Мұратұлы алдағы қыста жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ақпарат берді.

Аудандық аурухананың директоры Ербол Қуанышұлы, мәдениет саласының өкілі Мәулен Аманшаұлы, сондай-ақ білім беру саласы бойынша Берікжан Ғарапшаұлы да өз салалары бойынша дайындық барысына тоқталды.

Мал азығын дайындау және ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық байқаудан өткізу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Шаймарданұлы баяндама жасады.

– 2025–2026 жылдардың мал қыстағына аудан бойынша 133,0 мың тонна мал азығын дайындау жоспары бекітілген. Алайда 25 маусымға дейінгі дерекке сәйкес, аудан көлемінде 2,5 мың тонна ғана мал азығы дайындалып, бұл көрсеткіш жалпы жоспардың небәрі 1,9 пайызын құрап отыр. Аудан бойынша орташа түсім – гектарына 3,5 центнер. Бүгінгі таңда шөп шабу науқанына 113 трактор мен 208 орақ жұмылдырылған. Оның ішінде 8 трактор жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Аудан бойынша мал азығының ең төменгі бағасы Аққозы ауылдық округінде тіркеліп отыр мұнда бір рулон шөптің құны 3500 теңге, - деді.

Отырысты қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы қыс мезгілінде елді мекендер шөптен тарықпауы үшін мал азығының жеткілікіт мөлшерде жиналуын қадағалауды округ әкімдеріне жүктесе, жылыту маусымына сақадай сай дайын болу үшін сала мамандарына бір ай уақыт мерзім ішінде олқылықтарды жоюға тапсырма берді.