
Жаңа тағайындау
2025 жылдың 24 маусым күні Қаратөбе ауданы әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын аудан акивіне таныстырды. Қаратөбе ауданы әкімінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №112 өкіміне сәйкес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Бадақов Қанат Шаймарданұлы тағайындалды.
Бадақов Қанат Шаймарданұлы – 1972 жылдың 30 желтоқсанында БҚО, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1994 жылы Қаратөбе аудандық пошта байланыс торабының автомобиль жүргізушісі болып бастап, кейіннен аудандық пошта байланыс торабының бухгалтері, киоскері, 1996 жылы «Еңбек туы» газетінің әдеби қызметкері, 1999-2001 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің жетекші маманы, 2001-2003 жылдары аудан әкімі аппаратының туризм және спорт жөніндегі бас маманы, 2003-2004 жылдары аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, 2004-2008 жылдары Қаратөбе селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2008-2015 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, 2015-2018 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Аудан әкімі Қанат Шаймарданұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, ауданның ауылшаруашылық және кәсіпкерлік салаларын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.