Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 22 маусым күні Сулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлау қортындысы бойынша Сулыкөл ауылдақ округі әкімі болып Бисембай Асланбек Серікұлы сайланды.

Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Жүсіпқали Сулыкөл ауылдық округ әкімін тіркеу туралы 24 маусымдағы 2025 жылғы №16 шешімімен таныстырып, жаңа сайланған әкімге куәлігін табыстады.

Бисембай Асланбек Серікұлы «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сулыкөл ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды.

Аудан басшысы жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Бисембай Асыланбек Серікұлы 1977 жылы 18 қарашада Сулыкөл ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Темірбек бастауыш мектебінен 1 сыныпқа қабылданып, 1993 жылы Қалдығайты орта мектебін бітірген. 2002 жылы Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастары академиясына оқуға түсіп, 2006 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады.

Алғаш еңбек жолын 1993-1995 жылдары Шөптікөл кеңшарының №2 фермасында жұмысшы болып бастап, кейіннен 1995-1996 жылдары Қалдығайты ұжымдық кәсіпорнының ұн шығару цехында жұмысшы, 1997-1998 жылдары «Қалдығайты өндірістік кооперативінде жұмысшы, 2006-2007 жылдары Қаратөбе ауылындағы «Жазира» балалар бақшасының есепшісі, 2007-2008 жылдары Қаратөбе аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің статисі кейін бас маманы, 2008-2011 жылдары Қаратөбе ауданы бойынша Салық басқармасының бас маманы, 2011-2014 жылдары Қаратөбе ауданы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы, 2014-2017 жылдары Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы, 2017-2021 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының Құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары осы бөлімнің бас маманы, 2023 жылдың мамыр айынан Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының Құжаттамалық қамту және шаруашылық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 1 ұл, екі қызы бар.