Аудан орталығындағы  Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Жұлдызды түлек – 2025" салтанатты аттестат табыстау кеші өтті.

Салтанатты кешке мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымынан бөлек, арнайы қонақ ретінде Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысып, мектеп бітірушілерді құттықтады.

– Құрметті түлектер! Бүгінгі күн – білім жолындағы қажырлы еңбектеріңіздің қорытындысы. Сіздер – ел болашағына бағытталған үмітімізсіздер. Туған жерлеріңізді ұмытпай, алған білімдеріңізді ел игілігіне жұмсайсыздар деп сенеміз. Жолдарыңыз ашық болсын! - деді аудан басшысы.

Аудан әкімі кеш барысында «Алтын белгі» иегері және «Үздік аттестат»  иегерін арнайы марапаттап, мақтау қағазы мен естелік сыйлық табыс етті.

Биыл Мұхит атындағы ЖОББМ-ті 40 түлек тәмамдады. Олардың арасында озат оқушылар, түрлі олимпиада мен байқаулардың жеңімпаздары, шығармашыл әрі белсенді түлектер бар.

Кеште аудандық білім беру бөлімінің басшысы, мектеп директоры мен ұстаздар қауымы да түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, олардың өмір жолында табыс пен жеңіс тіледі. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерін тебіреніспен еске алды.