Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанындағы «Жасыл желкен» демалыс лагері ашылды.

Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

– Жаз – балалар үшін тек демалыс уақыты ғана емес, жаңа нәрселерді үйренуге, табиғатпен етене танысып, дос табуға мүмкіндік беретін ерекше кезең. Осындай жазғы лагерьлер баланың жан-жақты дамуына, қызығушылығын арттыруға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға жол ашады. «Жасыл желкен» лагері – сол мүмкіндіктердің бірегейі. Барша балаларға жарқын естеліктерге толы, қауіпсіз әрі қызықты демалыс тілеймін, - деді аудан әкімі.

4 кезеңге бөлінген биылғы лагерьге 300 оқушы демалмақ. Лагерь “Этно» ауыл кезеңінде балалар қазақтың көнеден келе жатқан салт дәстүрін бойларына сіңірмек. Лагерьдегі ең бір қызықты сәт суға шомылу, спорттық ойындар, туристік құралдармен танысу, шатыр құру сынды жұмыстармен танысуда.

“Жасыл желкен” демалыс лагерінің жаңа маусымына Егіндікөл, Шалғын, Саралжын, Аққозы, Қаратөбе ауылының балалары және өткен жылы бастау алған “Мөлдір бұлақ” дәстүрлі ән орындаушылар мектебінің тәрбиеленушілері қатысуда.