Жаңа тағайындау
Қаратөбе ауданы әкімінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №106 өкіміне сәйкес Қаратөбе аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Мұханов Қанат Мұратұлы тағайындалды.
Мұханов Қанат Мұратұлы – 1984 жылдың 05 қыркүйекте Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2005 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, 2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін « экономист-есепші» мамандағы бойынша бітірді.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің уақытша біліктілігі орташа деңгейдегі категориясы жоқ маманы қызметінен бастаған. 2006-2011 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің маманы. 2011 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 санатты маманы, 2011-2012 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, 2012-2013 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі маманы, 2013-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығының "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жүзеге асырушы маманы, 2018 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығының Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы, 2018-2022 жылдары Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің әкімі, 2022 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, 2022 жылдан бастап Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Жанұялы 2 қыз, 1 ұлы бар.
Аудан әкімі Қ.Мұхановқа өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.