Тәуелсіздік – тұмарым

Тәуелсіздік – тұмарым

Тәуелсіздік – тұмарым

Қаратөбе ауданындағы орталық саябақта Рәміздер күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тұмарым» атты салтанатты шара өтті.

Алаңға жиналған мекеме қызметкерлері, ардагерлер, ауыл тұрғындары, белсенді жастар алдында тутұғырдағы мемлекеттік ту жоғары көтеріліп, жанды дауыста мемлекеттік гимн орындалды.

Мерекеге орай аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері «Қазақстаным, алға!», «Рәміздерім – қадірлім» әндерін шырқап, жиналғандар салтанатты шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.