Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен кездесу.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен кездесу.

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ауданымызға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафикқызы Хайруллина мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының директоры Шынар Төлегенқызы Ғабдрахманова келді.

          Алдымен, аудан әкімі Жанат Асылханұлы Асантаевтың қабылдауында болып, қабылдау барысында мемлекеттік саласындағы кейбір өзекті мәселелер талқыланды.

          Кейін аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары мен мамандарының қатысуымен семинар кездесу өткізді.

          Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын атқарушы  А.Ғ.Карменов төрағалық етті.

          Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкіл Айман Рафикқызы мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамытуы, кітап оқуы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, іссапарлар кезіндегі өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі  туралы баяндады. 

          Ал, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының директоры Шынар Төлегенқызы мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына магистратураға, докторантураға оқу мүмкіндіктерін түсіндірді.

          Бұл кездесудің бір ерекшілігі кездесу барысы еркін диалог форматында жүргізілді. 

Өз кезегінде, семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау бағытындағы бағдарламалар қабылданса, ол мемлекеттік қызметтегі кадр тұрақтылығына бірден бір себеп болар еді  деген тілектерін білдірді.