1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қаратөбе ауданында «Әлем балалармен әдемі» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға Қаратөбе аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

Іс-шара аясында аудан мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында әндер шырқалып, түрлі би қойылымдары, театрландырылған көріністер көрермен назарына ұсынылды. Балғын балалардың шығармашылық қабілеті мен өнері көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа ие болды.

Концерт соңында өнер көрсеткен бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар табыс етілді.