Инвестиция тарту – аудан әлеуетін көтермек

Инвестиция тарту – аудан әлеуетін көтермек

Инвестиция тарту – аудан әлеуетін көтермек

Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады. Себебі бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдерге деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.

Негізгі азық-түлікті тұтыну – халықтың өмір сүру бөліктерінің деңгейінің бірі, негізгі аймақтың құрамдас әлеуметтік әлеуетінің жай-күйінің жалпылама сипаттамасы. Өмір сүру деңгейінің динамикасы тұтастай алғанда аймақтық экономиканың даму стратегиясын және оның құрылымдық компоненттерін дамытудағы маңызды рөл болып табылады. Соңғы жылдары халықтың азық-түлікті тұтыну деңгейі мен құрылымы айтарлықтай өзгерді, оларға бірқатар факторлар әсер етеді. Олар: тамақтанудың ұлттық ерекшеліктері, аумақтың климаты, экономикалық факторлар.

Азық-түлік шикізаты және олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесін шешу проблемасы – Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепциясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселе болып келеді. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі, себебі бірде бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнім деріне деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айту, әрине, оңайға соқпайды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды мәселе болып отыр. Оны шешуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешені маңызды рөл атқарады. Ол халықтың азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ оның азық-түлік тәуелсіздігі өндірілетін өнімнің саны мен сапасына тікелей байланысты болады.

2024 жылы Қаратөбе ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде сиыр еті жергілікті тауарөндірушілермен және жеке тұрғындармен 100 пайызға қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен жеке тұрғындардың кәсіптері арқасында 73 тонна картоп, 8 тонна қырыққабат, 16,9 тонна пияз, 17,8 тонна сәбіз және 642,2 мың дана тауық жұмыртқасымен қамтамасыз етілген. Қалған қажеттілік облыс орталығынан тасымалдау арқылы өтеледі.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Aqjaiyq» ӘКК арқылы аудан кәсіпкерлері күріш, күнбағыс майы, картоп өнімдерін арзандатылған бағада сатып алып, шекті мөлшерден аспайтын бағада саттыққа шығарылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шекті мөлшерден, яғни үстеме бағаның 15 пайыздан аспауы, дүкен сөрелерінде тауар бағасының болуы туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Қаратөбе ауданының әлеуетін көтеру үшін инвестициялық жобаларды тарту қажеттілігі туындауда. Аудан бойынша 2025 жылы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар турасында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұқановты әңгімеге тарттық.

– Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан алынатын ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал сатып алу және ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің қора-жайларын заңдастыру арқылы барлығы 1,3 млрд. теңге инвестиция салынбақшы. Кәсіпкерлік нысандар есебінен жалпы құны 340 млн. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып, 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Атап айтар болсақ, Қаратөбе ауылдық округінен кәсіпкерлік саласы бойынша «Өрлеу» тойханасы 200 млн. теңге, «Әлібек 2» жеке балабақшасы 70 млн. теңге, «Ақжол» маркеті 70 млн теңге қаражатты құрап отыр. Жыл соңына дейін бірнеше жобалар іске қосылады деп күтілуде, - дейді бөлім басшысы Қанат Мұратұлы.