Мерекелік марафон

Мерекелік марафон

Мерекелік марафон

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара Қазастан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған Республика бойынша бір уақытта болатын «Бірлік» жаяу жүгіру марафонына ұласты.

Айтулы марафонға 10 адам қатысты. Марафоншылар ауыл ішімен 5 шақырым қаштықты жүгіріп өтті.

Жарыс қорытындысында алдына жан салмай алғаш мәре сызығын аттаған егіндікөлдік Мейрамбек Батырбаев марафон жеңімпазы атанып, І дәрежелі диплом және медальмен марапатталып, 30 мың теңгенің сертификатына ие болды.

ІІ және ІІІ орындарды иеленген марафоншылар: Жұмабек Бақсыбаев пен егіндікөлдік Жангелді Жұбановқа ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар және 20 мың , 10 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

Қаратөбелік Абат Зинуллин мен Қаратөбе колледжінің студенті Армат Рысаев 5 мың теңге ақшалай ынталандыру сыйлығына ие болды.