2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
✍🏻 Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
🏫 2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады, жыл басынан бері 1,6 мың орындық 20 мектепке дейінгі ұйым қолданысқа берілді.
🔹 Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жұмыс жасап тұрған балабақшаларды салу, реконструкциялау, жаңғырту, шағын орталықтар санын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты ваучерлік қаржыландыру арқылы енгізу есебінен жүргізіледі.
🗣️ «Ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап ата-аналарға 99 мың ваучер берілді, бұл олар үшін балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Мемлекеттік қаражаттың белгілі бір ұйымға емес, нақты балаға бағытталып жұмсалуы – қаржыландыру механизмін жариялы етеді. Пилоттық жобаға Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалалары қатысуда. Өңірлердің дайындығына қарай бағдарлама кеңейтілетін болады», - дейді ҚР оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.
❗️ Жалпы, 2027 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 300 мың орын қолданысқа беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 11,6 мың балабақшаға 1 миллионға жуық бала барады.
Соңғы бес жылда мұғалімдердің айлық жалақысы қалай өсті?
🏫 Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру мекемелерінде 400 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алады.
💰 Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлық жалақысы 100 пайызға өсті. 2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша мектепке дейінгі тәрбие берушілердің жалақысы 30%-ға өсті. Ал, кәсіпорындардан шығарылған мамандарға қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 30-35 пайыз көлемінде үстемеақы берілді.
📚 «Педагог мәртебесі» заңы қабылданғаннан кейін мұғалімдердің еңбекақысының мөлшері білім деңгейіне, санатына (магистр, ғылыми қызметкер, сарапшы, модератор) және жұмыс процесіне, оқу жүктемесіне, сондай-ақ еңбек жағдайларына, ғылыми дәрежесіне (10 АЭС), тәлімгерлікке, сабақтан тыс спорттық дәрістерді өткізуге (100% негізгі жалақымен) байланысты болады.
📊 Осылайша, әртүрлі санаттардың болуына байланысты мұғалімдерге келесі төлемдер төленеді:
• Шебер оқытушы – 50%
• Мұғалім-зерттеуші – 40%
• Сарапшы мұғалім – 35%
• Мұғалім-модератор – 30%
❗️ Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінеді – олардың жалақысы қалалық әріптестерінен кемінде 25%-ға жоғары.
🔹2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 орынға (16 сағат) 352 мың теңгені, ауыл мұғалімдеріне 435 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта Ұлттық білім беру базасының мәліметі бойынша, еліміздегі мұғалімдердің жартысы 1,5 сағат (24 сағат) жұмыс істейді және айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.
⚡️ Сонымен қатар, Қазақстан білім саласындағы жетістіктері үшін ақшалай сыйлық беру, Олимпиада жүлдегерлерін дайындау және мемлекеттік сыйлық алу үрдісін қалыптастырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды; сыйлық көлемі 3,6 млн теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталғандардың арасында «Еңбек ерлері», «Қазақстан мұғалімдері», «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар.
✔️Осылайша, соңғы бес жылда Қазақстанда педагогтардың мәртебесі мен қаржылық әлеуетін көтеруге, ай сайынғы жалақыны көтеруді ғана емес, сонымен қатар артық төлеу және ынталандыру жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған елеулі бастамалар жүзеге асырылды.
Қаратөбе аудандық терроризмге қарсы комиссияның жанындағы жұмыс тобы отырысы 2025 жылғы 4 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен өткізілді.
Күн тәртібінде округ аумақтарындағы терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Бақытжанов, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Е.Тналиев және Қоскөл ауылдық округінің әкімі Ә.Мусағалиевтер хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин хабарлама жасап, ауданымыз бойынша есепке алынған ДДА жақтастарын оңалту мәселесі туралы мәселе көтерді. Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды, жұмыс тобы отырысының қортындысы бойынша жиын төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекмелерге тапсырмалар берді.
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 4 наурыз күні өткізілді. Күн тәртібінде Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бердіғалиев, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Е.Есқазиева және Қаратөбе ауданының Психологиялық-педогогикалық түзеу кабинетінің басшысы А.Зейнуллиндер ауданымыздағы мүгедектігі бар кәмелетке толмағандармен жасалған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Аталған мәселе комиссия мүшелері тарапынан талықыланды. Жиын қорытындысы бойынша комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.
Ханкөлде ауылдық клуб ашылды
Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылында күрделі жөндеуден кейін Ханкөл ауылдық клубs қайта ашылды. 1995 жылы іргетасы қаланған бұл клуб соңғы жылдары жөндеу жұмыстарының болмауынан апаттық жағдайда тұрған еді. Ауыл тұрғындары көптен бері көтеріп келген бұл мәселе шешімін тауып, клубтың ашылуы тек жастар үшін ғана емес, аға буын өкілдері үшін де көптен күткен қуаныш болды.
Аталған клуб Ханкөл ауылының көркін аша түсіп, ауыл өміріне жаңа серпін береді. Енді мұнда ауылдық көркемөнерпаздарға, жастардың бастамаларына қолдау көрсетіліп, мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл мекеме тек мәдениет пен өнердің орталығы ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамның рухани байлығын айқындайтын орын болмак.
Ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауыл халқын құттықтады.
– Соңғы уақытта Ханкөл елінде серпінді жұмыстар атқарылып, көптеген нысан ел игілігіне берілуде. Бұның бәрі ауыл халқының тұрақты және бірлікте болуы арқасында. Сондықтан сіздерді ең алдымен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Мерейлі мереке қарсаңында ауылда ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілуде. Жаңа нысан ауылдағы мәдени шаралардың ұйытқысы болып, өнерлі жастардың өрісін кеңейтеріне сенеміз. Тұрғындар осында келіп түрлі іс-шараларды тамашалайтын болады. Аққозы ауылында судан зардап шеккен мәдениет үйіннің пайдаға асатын қажетті материалдарын бұзып әкеліп, ескі ғимаратты заманауи үлгіде қайта жабдықтаған ауыл әкіміне және ауыл тұрғындары Төремұрат, Тасболат, Данияр сынды ел азаматтарына алғысымды білдіремін. Сонымен қатар клубтың жөндеуіне демеушілік жасаған Асылбек Елешовке және «Ақжол» ШҚ жетекшісі Қосыбай Рахымғалиұлына айтар алғысым шексіз. Жаңа ауылдық клубтың ашылуымен тағы да сіздерді құттықтаймын. Ауыл өнерпаздарының еңбегі еселене берсін, - деді.
Сонымен қатар ауыл ақсақалы Беркін ата және Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаты, кәсіпкер азамат Асылбек Елешовте сөз алып, ел игіліне беріліп жатырған клубтың ашылуымен құттықтады.
Клубтың ашылуында Орал қаласынан дәстүрлі әншілер Оразов Асхат, Фархат және Нұршат Исламғалиев арнайы келіп, ән шашуын арнап, Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдени демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 28 ақпан күні сағат 10:00-де аудан орталығында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтеді.
«Ашық әкімдік» барысында аудан әкімі, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді.
Аталған іс-шара Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі №3 мекен жайында орналасқан Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы ғимаратында өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу бойынша байланыс телефоны:
87114531210
Бүгін Егіндікөл ауылдық округінде «Snow Track» атты шаңғы тебуден спорттық жарыс өтті.
Аудандық жастар орталығы, “Мұхит” ЖҚБ және “Қаратөбе” спорт клубы мұрындық болуымен ұйымдастырылған жарыс аудан тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын сақтау, жастар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттау және олардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа ауданның ауылдық округтерінен барлығы 20 жуық спортшы қатысты. Онда әрбір қатысушы өзінің жеке дара күшін сынап, спорттық шеберліктерін көрсете білді.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осылайша, «Snow Track» атты шаңғы сайысында үздік нәтиже көрсете білген жусандыойлық Мұратбек Аманжол жүлделі І орынды, ал қаратөбелік Нұрбек Идиров ІІ орынды, жусандыойлық Нұртас Болатжанов ІІІ орынды иеленді.
Спорттық шара соңында жеңімпаздар арнайы медальдармен, мақтау қағаздарымен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қоржында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Бүгінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында көптеген жетістіктерге жетіп, денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер жүзеге асып жатыр. Солардың бірі ауылдарда медициналық пункттердің салынуы.
Бүгін Қоржын ауылында жаңадан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа медициналық пункттің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов , Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысты.
Қоржын ауылындағы медицианалық нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы Қоржын ауылының тұрғындарын жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуымен құттықтады.
Ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтаған зейнеткер дәрігер Сара Есенгелдина осындай керемет денсаулық сақтау нысанын салдырып, пайдалануға ықпал еткен облыс және аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан үлкен алғысын білдіріп, медицина саласының қызметкерлерінің жұқмысына сәттілік тіледі.
Ауылдағы медициналық пункттің құрылысын жүргізген «АИАС строй сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асхат Сатқанов фельдшерлік-акушерлік пункттің фельдшері Гүлсім Төлепбергенге жаңа медициналық нысанның кілтін табыстады.
Медициналық пункттің лента қию рәсімін облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен зейнеткер дәрігер Сара Есенгелдина жүргізді.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Ербол Меңдіғалиев салтанатты шараға келген қонақтарды жаңа нысанның жұмысымен таныстырды.
Жаңа басшыны аудан активіне таныстырды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен актив жиналысы оздырылды.
Актив жиналысында аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Анар Нұрмағанбетованы аудан активіне таныстырды
– Бүгін, ауданымызға жаңадан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының тағайындалуына байланысты жиналып отырмыз.
Ауданымызға Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова, департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев жұмыс сапарымен келіп, актив жиналысына қатысып отыр.
Құрметті Динара Олжабайқызы, Нұрлыбек Ермекұлы ауданымызға қош келдіңіздер.
Ауданымызда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған Анар Серікқызының жұмысына сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта жаңа басшы Анар Серікқызымен аудан игілігі үшін бірлесіп қызмет атқарамыз деген ойдамын, - деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.
Сөз кезегін алған Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова ағымдағы жылдың ақпан айының 17-сі күні тағайындалған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы Анар Серікқызының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, жаңа басшының лауазымын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
Нұрмағанбетова Анар Серікқызы 1987 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылында дүниеге келген.
1994-2003 жылдар аралығында Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектебінде оқып, 2003-2005 жылдары Қаратөбе мектеп–гимназиясын тәмамдаған.
Мектепті бітіргеннен кейін С. Асфендьяров атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медициналық - профилактикалық іс» факультетін аяқтап, дәрігер - эпидемиолог мамандығын алған.
2011-2020 жылдары Қаратөбе аудандық ауруханасында дәрігер-эпидемиолог болып қызмет жасаған. 2020 жылдың сәуір айынан Қаратөбе аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының 17-сінен бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Отбасылы, 2 ұл, 2 қызы бар.
Қаратөбе балалар жөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында мекеме аралық турнирі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жолына 9команда шықты. Атап айтсақ, Қ.Жұмалиев атындағы мектеп гимназия, Мұхит мектебі, Шөптікөл мектебі, Спорт мектебі, Аққозы ЖОББ мектебі “Қаратөбе” спорт клубы, Жастар орталығы, аудандық аурухана, аудан әкімдігі командасы қатысты. Тартысты бәсекеде барлық құрама команданың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша, І орынды «Қаратөбе» спорт клубы, ІІ орынды Қ.Жұмалиев атындағы мектеп гимназия және ІІІ орынды Спорт мектебі құрама командаларының спортшылары иеленді.
Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.