2025 жылғы 26 қазанда өткен Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда өткен Қаратөбе аудандық мәслихатының

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қаратөбе аудандық мәслихатының орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 885 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 566 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

          №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратөбе аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

        Абаев Н.І.  үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді;

        Сабитов Ж.Ж үшін сайлаушылардың 78 дауысы берілді;

        Шүрмен Б.С. үшін сайлаушылардың 406 дауысы берілді;

        «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 18;

      

        Сайлау қорытындысымен №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды:  

       Шүрмен Бауыржан Серікұлы 1990 жылы туған, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" спорт клубы" МКҚК-нің директоры, «AMANAT»   партиясы ұсынды, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында тұрады.  

 

 

 

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025