Батыс Қазақстан облысында IT саласын дамыту бойынша цифрлық технологиялар басқармасы Батыс Қазақстан облысының IT қауымдастығымен бірлесіп Astana Hub Startup Tech orda бағдарламасы аясында 2022 жылы IT-Hub бағдарламалау мектебі ашылды. Үш жыл ішінде Astana Hub халықаралық технопаркі IT-Hub бағдарламалау мектебіне 50 грант бөлініп, 6 айға есептелген курстарды жетекші IT компанияларының қазіргі IT инженерлері жүргізеді. Осы гранттар есебінен бағдарламалаудың жеделдетілген курстарынан 47 жас маман өтіп, аталған түлектер бүгінгі күні жергілікті IT компанияларында жұмыс істеуде.
Курс аясында тыңдаушылар html беттеу, web дизайн және web бағдарламалау дағдыларын игерді. Сондай-ақ, 2024 жылы Astana Hub гранттары есебінен 21 студентті оқыту басталды. Оқу аяқталғаннан кейін бағдарламалау курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар және жергілікті IT компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылатын болады.