Облысымыздағы болып жатырған жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанынанАзаматтық қорғаныстың «Байланыс қызметі»құрылды.

Облысымыздағы болып жатырған жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанынанАзаматтық қорғаныстың «Байланыс қызметі»құрылды.

Облысымыздағы болып жатырған жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанынанАзаматтық қорғаныстың «Байланыс қызметі»құрылды.
Азаматтық қорғаныс саласындағы Байланыс қызметінің жұмысы төтенше жағдай туынданған жағдайда облыстағы байланыс және интернет желісі техногендік және техникалық ақаулар туындаған кезде жедел түрде байланысты қалпына келтіру болып табылады.
Мәселен, 26 наурызда Сырым ауданы Жымпиты және Бұлдыртты ауылдарында су басу кезінде электр жарығы сөнгенде, Билайн, Теле2 және Кселл байланыс операторлары қолданыстағы дизель генераторларымен қосты.  Сол сияқты су басқан және су басу қаупі бар ауылдарда жергілікті «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері кезекшілік өткізіп, электр жарығы сөнген кезде қолданыстағы генераторлармен телефон байланысы және интернет желісімен қамтуда.

Бүгінгі күні байланыс операторларының резервінде 30 дизель-генератор қондырғысы бар (Билайн – 5, Kcell – 19, Tele2/Altel – 6).
Ұялы байланыс пен интернет желісі толықтай істен шыққан жағдайда Starlink спутниктік интернетінің 3 жиынтығы бар.
Басқарма байланыс операторларымен бірлесіп ұялы байланыстың тұрақты мониторингін және ТЖД облыстық жедел штабы жанындағы тәулік бойғы кезекшілікті жүзеге асыруда. Сонымен қатар, техникалық ақаулар кезінде пайдалану үшін қажетті жабдықтар дайын.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендер үшін құжаттарды электронды түрде беруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қысқа мерзімде tasqyn.bkogov.kz ақпараттық сайты және BatysToday Bot телеграм-боты әзірленді. Телеграм-ботта су тасқыны туралы жедел ақпарат, эвакуациялық пункттердің мекенжайлары мен байланыс нөмірлері, қайырымдылық қорлардың деректемелері, эвакуациялық пункттердегі қажеттіліктер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат орналастырылған.
Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендер үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру қызметі іске қосылды. Өтінім беру үшін басты беттегі «Су тасқыны себебінен келтірілген материалдық зиянды (залалды) өтеу туралы өтініш» қызметін тауып, барлық міндетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Бұл механизм барлық мәліметтерді цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық бақылауға мүмкіндік береді.
Ұялы байланыс сигналы бұзылған жағдайда азаматтар ikomek109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ 8 (7112) 24 05 96 телефон нөмірі бойынша БҚО цифрлық технологиялар басқармасына жүгіне алады.
Су тасқыны кезеңінде басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлері жағалау учаскелерін бөгеттермен нығайту жөніндегі жұмыстарға, гуманитарлық көмек пен басқа да жұмыстарды сұрыптауға тартылды.