Батыс Қазақстан облысында Qr.gov.kz пилоттық жобасы іске қосылуда
Батыс Қазақстан облысында Qr.gov.kz платформасы өз жұмысын бастады. «iQala» жобасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері мен жылжымайтын мүлік иелері арасында шарттар жасасуды және коммуналдық қызметтерді оңтайландыруға бағытталған.
Qr.gov.kz – бұл коммуналдық қызметтерді ұсынуға шарттар жасасу процестерін жеңілдету және жеделдету үшін әзірленген платформа. Жоба жылжымайтын мүлік иелері үшін де, коммуналдық ұйымдар үшін де ыңғайлы құралдарды ұсынады, бұл оларға барлық қажетті операцияларды онлайн режимінде жүргізуге мүмкіндік береді.
Жобаның іске қосылуына байланысты Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасында коммуналдық қызмет ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында азаматтар мен ұйымдарға коммуналдық қызмет көрсетудің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.